Түркиядан Байденге наразылық

Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпта хабарлама жариялады.

1817263
Түркиядан Байденге наразылық

Түркия 1915 жылғы оқиғалар тақырыбында тарихи факт пен халықаралық құқыққа жанаспайтын мәлімдемелердің қабылданбайтынын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі осы тақырыпта хабарлама жариялады. 

Хабарламада «1915 жылғы оқиғалар тақырыбында тарихи факт және халықаралық құқыққа жанаспайтын мәлімдемелер қабылданбайды» деп айтылды. Сонымен бірге «Бұған Америка Құрама Штаттарының президенті Байденнің 2021 жылы сөйлеген сөзін қайталауы да жатады. Саяси пайыммен тарихи шындықтарды бұрмалайтын осындай мәлімдемелер мен шешімдерге қарсы шығамыз,  осы қатені жалғастыратындарды айыптаймыз» деп айтылды.

Хабарламаның жалғасы мынадай: «Тарихтан дұшпандық шығарудан басқа мақсатқа қызмет етпейтін бір жақты және бірбеткей көзқарастар үлкен проблема.  Адами және ұждандық ұстаным этника және дін деп бөле жармай, сол кезеңде болған барлық қайғыны еске алуды қажет етеді.  Түркия армяндарды да қосқанда бүкіл Османлы халқының қайғысын еске алады. Осы қайғы-қасіретті саяси мақсатта қолдануға қарсымыз.  Түркия 1915 жылғы оқиғалар секілді тарихтың талас тудырған кезеңдерінің бейтарап түрде ғылыми және құқықтың шеңберде зерттелуі керек деп ойлайды. Осы түсінікпен Түркия Ортақ Тарих комиссиясының құрылуын ұсынды, өзінің мұрағатын ашты.  Түркия өз аймағында және әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнауы,  ынтымақтастық рухы шарықтауы үшін жұмыстануда.  Армениямен басталған қалыпқа түсу процесі де - осы түсініктің бір көрсеткіші».



Ұқсас жаңалықтар