Ердоған Байденнің мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Ердоған: "Байденнің армяндармен арамыздағы тарихты жақсы үйренуі, білуі керек. Мұны білмей, Түркияға құқай көрсетуге ұрынуын кешіруіміз мүмкін емес" деді.

1817928
Ердоған Байденнің мәлімдемесіне наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің 1915 оқиғаларына байланысты мәлімдемесіне наразылық көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Байденнің армяндармен арамыздағы тарихты жақсы үйренуі, білуі керек. Мұны білмей, Түркияға құқай көрсетуге ұрынуын кешіруіміз мүмкін емес" деді.

Анкарада Президенттік сарайдағы Кабинет жиналысынан кейін сөз сөйлеген Ердоған 1915 оқиғалары жайлы жасалған мәлімдемеге тоқталды.

"Галисиядан Ливияға дейін созылған кең географияда жүргізілген соғыстың барлығында ұялтатын сахна көрмейсіз, таба алмайсыз" деген Ердоған көптеген елдің лауазымдылары мен парламенттері тарапынан жасалған ауыз жүзіндегі армян пайымдауларының Түркия үшін ешқандай мағынасы жоқ екенін білдірді.

Осы аяда Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің 1915 оқиғаларына байланысты мәлімдемесіне наразылық көрсеткен Ердоған:

"Президент Байденнің армяндармен арамыздағы тарихты жақсы үйренуі, білуі керек. Мұны білмей, Түркияға құқай көрсетуге ұрынуын кешіруіміз мүмкін емес" деп көрсетті.

Президент Ердоған Байденнің 1915 оқиғалары жайлы мәлімдемелерінің барлығы жалған, қате мәліметтерді негіз еткендіктен ескеруге татымайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар