Президент Ердоған балалар мерекесіне орай құттықтау жариялады

Ердоған ТҰҰМ 102 жылдығы мен "23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні" мерекесімен құттықтады.

1816953
Президент Ердоған балалар мерекесіне орай құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған "23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні" мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Президенттік Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ердоған хабарламада Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) 102 жылдығы мен "23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні" мерекесімен құттықтады.

«Ұлттық ерік-жігердің көрінісі – Ұлттық Мәжілістің қалыптасып, Республикамыздың іргетасын қалауға мүмкіндік беретін бұл ерекше күннің ұлтымыз бен балаларымызға құт әкелуін тілейміз» деген Ердоған «Даңқ және абыроймен бір ғасырды артқа қалдырған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі «Егемендік сөзсіз ұлттікі»  деген ұранмен ұлттық егемендігіміздің мызғымас көрінісі болып қала бермек. Ұлтазаттық соғыстан (1919-1923ж.) 15 шілде күніне дейін (2016 жылғы төңкеріс әрекеті) басқыншылар, бүлікшілдер және шетелдік топтардың елімізге және ұлтқа қарсы барлық шабуылдарына қарсы мызғымас ұстаным ортаға қойған ардагер мәжілісіміз мәңгілік ел ерік-жігерінің көшбасшысы болып қала беретінін аңғартты.

Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің 23 сәуір күнін болашағымызға кепіл болатын балаларға сыйлауын қазір одан жақсы түсінеміз. Тарихымыздан алған күш, балаларымыздан алған толғаныс және қуатпен үлкен және мықты Түркияны құру арқылы балаларымызға, жастарымызға, барша азаматтарымызға гүлденген, бейбіт ел қалдыру үшін аянбай еңбек етіп жатырмыз. Бейбітшілік, әділет және бауырластыққа толы бір әлем мұратына үлес қосатын 2023 (Республиканың 100 жылдығы) мақсаттары мен 2053 болжамына сәйкес ұмтылуды жалғастырамыз» деді.  

Құрылғалы бері Мәжіліс шаңырағы астында елге қызмет еткен барлық депутаттарға елдің атынан алғысын білдірген президент Ердоған «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің тұңғыш төрағасы Гази Мұстафа Кемалды, ұлтазаттық соғысты басқарған алғаш мәжілістің барлық депутаттарына тәуелсіздігіміз бен болашағымыз үшін қарыздар болған барлық батырларымызды Алланың рақымымен еске аламын. Бүкіл балаларымыз бен әлем балаларының мерекесі құтты болсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар