23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі ел көлемінде тойлануда

ТҰҰМ-нің төрағасы Мұстафа Шентоп мерекелік бағдарлама бойынша кейбір іс-шараларға қатысты.

1816954
23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі ел көлемінде тойлануда

«23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні» мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) құрылуының 102 жылдығы тойлануда.

Мерекелік бағдарламалар аясында ТҰҰМ-нің төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі Ататүрік ескерткішіне гүл шоғын қойды, Аныткабирде өтетін салтанатты рәсімге және Бірінші Мәжілістегі еске алу рәсіміне қатысты.

ТҰҰМ Рәсім залында қонақтарды қабылдаған Шентоп балаларға арналған арнайы отырысқа төрағалық етіп, «Азаттық желісі» атты фильмді тамашалады.

ТҰҰМ Жалпы Кеңесі Мәжіліс төрағасы Шентоптың төрағалығында, арнайы күн тәртібімен жиналды.



Ұқсас жаңалықтар