Түркияда 3 айда 36 мың босқын ұсталды

Ішкі істер министрлігі жылдың алғашқы 3 жарым айында жасалған операцияларда 36 мың 344 шетелдік тұрақсыз босқын ұстағанын білдірді.

1814757
Түркияда 3 айда 36 мың босқын ұсталды

Түркияда жылдың алғашқы 3 жарым айында жасалған операцияларда 36 мың 344 тұрақсыз босқын ұсталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде министрліктің басқаруымен Полиция бас директорлығы, Жандармерия бас қолбасшылығы және Жағалау Қауіпсіздік қолбасшылығы ұйымдарының жауапкерлік аймақтарында тұрақсыз босқындарға бағытталған операциялардың жалғасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде осы аяда биылғы 4 тыныштық операциямен бірге қалыпты және жоспарлы операциялар арқылы  шетелдік босқындар тұрған мекендер, ашық көңіл ашу орталықтары, жүк көліктері, терминалдар, кемежайлар, балықшылар мекендері, топтық қатынас құралдарының аялдама мен станцияларының бақылауға алынғаны хабарланды.

Мәлімдемеде жылдың алғашқы 3 жарым айында жасалған операцияларда 36 мың 344 шетелдік тұрақсыз босқын ұстағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар