Түркия-АҚШ қарым-қатынасы дамуда

Калын АҚШ Конгресс мүшелерімен Стамбулда президенттік Долмабахче офисінде бас қосты.

1813770
Түркия-АҚШ қарым-қатынасы дамуда

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Түркия-Америка қарым-қатынастарының өзара мүдде және құрмет негізінде дамитынын білдірді. 

Калын АҚШ Конгресс мүшелерімен Стамбулда президенттік Долмабахче офисінде бас қосты. 

Кездесуде Ресей-Украина соғысы, Сирия, Әзербайжан, Армения, Израиль сынды аймақтық тақырыптар қолға алынды. Сонымен қатар энергия қауіпсіздігі, қорғаныс ынтымақтастығы, екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастары талқыланды. 

Ибрахим Калын Түркия-Америка қарым-қатынастарының тамырының тереңде жатқанын білдіріп, екі ел қарым-қатынасының Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін Түркияның НАТО-ға мүше болуымен тіпті дамығанын, сондай-ақ осы таңға дейін стратегиялық одақтас шеңберінде жалғасқанын түсіндірді. 

Калын кейбір тақырыптардағы көзқарас ұқсамастықтары болғанына қарамастан қарым-қатынастардағы ынтымақтастық және мүдденің басым болғанын баяндады. Калын АҚШ Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Виктория Нуландтың Түркияға жасаған сапарымен жаңа стратегиялық диалог механизмнің басталғанын, сондай-ақ бұған  риза болғанын атап өтті. 

Екі елдің ортақ сауда көлемінің 30 миллиард долларға жетуге аз қалғанын білдірген Калын бұның жеткілікте емес екенін, нысананың 100 миллиард доллар болғанын баяндады. 

Ресей-Украина соғысына тоқталған Калын "Жаңа бір дәуірге, қырғи қабақ соғысқа кірудеміз. Болашаққа дайындалудамыз. Азық-түлік, энергия, кибер қауіпсіздігі және көптеген тақырыпта дайындық жасауымыз керек" деді. 

Соғысты доғару үшін тараптарды Анталия және Стамбулда екі маңызды жиналыста күтіп алғанын түсіндірген Калын келіссөздерге риза болғандарын айтты. 

Мәлімдемеші Калын әлі де екі тарапты келіссөз үстеліне отырғызу үшін қолдарынан келгенін істегендерін атап өтті. 

АҚШ депутаты Ричард Шелби болса "Түркия АҚШ үшін өте маңызды бір дос. Біз де сауда , дипламатия және әскери қарым-қатынастарымызды күшейту үшін келдік. Түркия өткенде және осы таңда НАТО-ның адал бір мүшесі" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар