Ердоған Антониу Гутеррешпен телефонда сөйлесті

Ердоған: "Израильдің Ақса мешітінде ғибадат жасағандарға шабуылын айыптаймын, Ақса мешітіне шабуылға қарсы екенімізді президент Аббасқа жеткіздім" деді.

1813477
Ердоған Антониу Гутеррешпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина президенті Махмуд Аббас және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефон арқылы сөйлесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Палестина президенті Махмуд Аббаспен телефондағы әңгімесі жайлы әлеуметтік желіде бөліскен мәлімдемесінде:

"Иерусалимді қамтыған Палестинадағы оқиғалар себепті Ораза айын алаңмен өткізіп жатқан кезде Израильдің шабуылында қаза тапқан бауырластармызға Алладан иман, жаралыларға шипа тілеймін" деді.

Ердоған:

"Израильдің Ақса мешітінде ғибадат жасағандарға шабуылын айыптаймын, Ақса мешітіне шабуылға қарсы екенімізді президент Аббасқа жеткіздім.

Түркия Палестинаның қасында. Палестиналық топтардың береке-бірлікпен жұмыстануының маңызды екенін ескерттім.

Президент Махмуд Аббасқа оқиғалар алдындағы байсалды лидерлігі үшін алғыс айттым" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефондағы әңгімесі жайлы мыналарды айтты:

"БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен телефонда сөйлестім.

Телефондағы әңгімеде Иерусалимдегі оқиғалар мен Украина-Ресей соғысын қамтыған аймақтық оқиғаларды қолға алдық. 

Антониу Гутеррешке Украина тақырыбында Стамбул процесін баршаның қолдауы керектігін, тараптардың тұғырын жақындату үшін талпынудың Түркияның бейбітшілік бітімшерлігіне есе қосатынын жеткіздім.

Израильдің Ақса мешітінде ғибадат жасағандарға шабуылы мен арандатушы әрекеттерінің қабылданбайтынын және қатаң айыптайтынымызды,  Антониу Гутеррешпен аймақтық бейбітшілік үшін басылатын қадамдарды талқыладық."



Ұқсас жаңалықтар