Бүгін басталған операцияда 19 террорист залалсыздандырылды

Түнде басталған «Пенче килит» операциясының соңғы жағдайы туралы мәліметтер берілді.

1813932
Бүгін басталған операцияда 19 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жоспарлағандай сәтті жалғасқан «Пенче килит» операциясында алғашқы анықтауларға қарағанда 4 әскердің жараланғанын және 19 террористтің залалсыздандырылғанын жариялады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі лаңкестік шабуылдарды жою және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен түнде басталған «Пенче килит» операциясының соңғы жағдайы туралы мәліметтер берілді.

Мәлімдемеде "Алғашқы кезең мақсаттары орындалды. Операция жоспарланғандай сәтті жалғасуда. Түрік әскері аймақты бақылауға ала бастады. Іздеу  жұмыстары жалғасуда. Террористтердің барлық баспаналары, бункерлері мен штаб-пәтерлері, сондай-ақ үңгірлер бірінен соң бірі жойылады. Операциядағы алғашқы анықтаулар бойынша 19 террорист залалсыздандырылды. Іздеу кезінде жүргізілетін операцияларда бұл сан артады деп болжаймыз. Операция барысында 4 батырымыз зардап шекті, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде».



Ұқсас жаңалықтар