Президент Ердоған Нехаммермен сөйлесті

Украина-Ресей соғысы және Түркия-Австрия қарым-қатынастары талқыланды.

1812627
Президент Ердоған Нехаммермен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Австрия премьер-министрі Карл Нехаммермен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік каппарат жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефон әңгімесінде аймақтық мәселелер, әсіресе 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Украина-Ресей соғысы және Түркия-Австрия қарым-қатынастары талқыланды.

Әңгіме барысында президент Ердоған Украинадағы соғыстағы гуманитарлық трагедияны тоқтатып, атысты доғаруға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керектігін және бейбіт келіссөздерде ілгерілеу үшін Стамбул процесіне қолдау көрсету керектігін айтты.

Бейбіт шешім үшін талпыныстарын жалғастыратындарын атап көрсеткен президент Ердоған Австрия премьер-министрі Нехаммерге Түркияның соғысты тезірек аяқтау жолындағы рөлін түсінгені және Стамбул процесіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар