3 террорист залалсыздандырылды

PKK/YPG мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.

1812705
3 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі парақшасында террористтің шабуыл жасау әрекетіне тойтарыс берілгені білдірілді. 

Мәлімдемеде "Қаһарман әскерлеріміз "Бейбітшілік бұлағы" және "Зәйтүн бұтағы" операциялық аймақтарына шабуыл жасауға тырысқан 3 PKK/YPG-лік террористті залалсыздандырды" делінді. 

Түрік Қарулы күштері 2018 жылы 20 қаңтар- 24 наурызда ұйымдастырылған "Зәйтүн бұтағы" және 2019 жылы 9 қазан-25 қарашада ұйымдастырылған "Бейбітшілік бұлағы" операцияларымен Сирияның солтүстігін террордан тазалаған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар