Министр Чавушоғлу күн тәртібін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украина-Ресей соғысын бағалады.

1812423
Министр Чавушоғлу күн тәртібін бағалады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинаның Донбасс аймағына бағытталған Ресей шабуылдары болғанда, атысты тоқтатуға қол жеткізу мүмкіндігінің қиынға соғатынын мәлімдеді. Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнада күн тәртібін бағалады.

Украинаның Буча және Ирпин аймақтарында адамгершілікке жатпайтын көріністердің Украина-Ресей арасындағы келіссөздердің болымды атмосферасына кері әсер еткенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Барлық қиындықтарға қарамастан Зеленскийдің 'келіссөздерді жалғастырамыз' деген мәлімдемесі, кейін Ресейдің де ұқсас мәлімдемелері келіссөздерге деген үмітімізді арттырды» деді.

Барлық қиындықтарға қарамастан Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату мүмкіндігі бар екеніне назар аударған Чавушоғлу «Дегенмен егер атысты тоқтатуға болатын болса, бұл осы күндері болуы керек. Әсіресе бұл соғыс жалғаса берсе, Донбасс аймағында шабуылдар жалғасатын болса, онда атысты тоқтатуға қол жеткізу мүмкіндігі қиындай түседі» деді.

Чавушоғлу Жерорта теңізінің шығысындағы энергия резервтерімен байланысты «Жерорта теңізінің шығысында Түркияны шеттетуді қалағандар болды. Алайда олардың ешқайсысының практикалық тұрғыдан мәні жоқ екенін де көрдік» деді.

Жерорта теңізінің шығысында табиғи газ құбыр желісі жобасының (EastMed) өміршең бір жоба емес екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Израильдің де бай қоры бар екенін көреміз. Әсіресе Еуропа нарықтарына жету үшін Түркия ең үнемді жол» деді.

Мысырмен қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне тоқталған Чавушоғлу бұл елмен қарым-қатынастардың жақсаруының аймаққа оң әсер ететінін айтты.

Чавушоғлу Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін қадамдар басылып жатқанын да атап көрсетті.

Министр Чавушоғлу Түркия-Армения арасында да сенім арттыратын қадамдар басылғанын атап, екі елдің арнайы өкілдерінің үшінші кездесуін Австрияның бас қаласы Венада өткізетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар