АТАК-тың алғаш экспорты Филиппинге жасалды

Филиппиндің бас қаласы Манилада тапсыру рәсімі ұйымдастырылды.

1807996
АТАК-тың алғаш экспорты Филиппинге жасалды

Түрік қарулы күштерінің әскери шабуыл тікұшағы қажеттілігі үшін жетілдірілген ATAK әскери тікұшағының шетелге алғашқы жеткізілімі Филиппинге жасалды.

Филиппиннің бас қаласы Манилада тапсыру рәсіміне қатысқан Президенттік аппараттың Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Исмаил Демир екі дос ел үшін осындай тарихи сәтке куә болғанына қуанышты екенін тілге тиек етті.

Екі ел арасында қол қойылған «Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы туралы меморандум» арқылы бұл саладағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық деңгейге жеткеніне назар аударған Демир «Біз достық пен ортақ мүдде негізінде қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығын дамыту және нығайту үшін бір негіз белгіледік. Осы мақсатты тиімді жүзеге асыру үшін қорғаныс өнеркәсібі бойынша бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын Türkiye-де немесе Манилада өткізуді ұсынамын» деді.

Филиппин Қорғаныс министрі Дельфин Лорензана ATAK әскери тікұшағының елінің террормен күресіне қолдау көрсететінін атап «Филиппин Әуе күштерінің арманы орындалғанына өте қуаныштымын, бірақ үйімізді толық жабдықтау үшін алда әлі ұзақ жолымыз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар