PKK/YPG-лік 2 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1802413
PKK/YPG-лік 2 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 2 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланған хабарламада «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 2 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Хабарламада «Біз террористік шабуылдарға табанды түрде жауап беруді жалғастырамыз» делінді.

Ішкі істер министрлігінің координациясында Муғла, Батман, Газиантеп және Хатай полиция бөлімшелері жүргізген көндіру жұмыстары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық тағы 1 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Мәлімдемеде берілген террористің 2011 жылы террор ұйымына қосылғаны және Сирияда жұмыс істегені анықталды.

Көндіру жұмыстарының нәтижесінде 1 қаңтар күнінен бері берілген террорист саны 19-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар