"F-35 және патриот батареяларын Түркияға алғы шартсыз беруі керек"

Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Wall Street Journal газетіне мақала жазды.

1801166
"F-35 және патриот батареяларын Түркияға алғы шартсыз беруі керек"

Президенттік Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун F-35 әскери ұшақ пен Патриот әуе қорғаныс батареяларын Түркияға алғы шартсыз беруі керектігін баса айтты.

Америкалық Wall Street Journal газетіне мақала жазған Алтун CIA (АҚШ Орталық барлау агенттігі) бұрынғы директоры және Ресей және Еуразия сарапшысы Пол Колбе жазған «Түркияның Ресей зымырандары Украинаны қорғай алады» тақырыпты мақалаға баға берді.

Колбе мақаласында «Ресей әскери ұшақтарына қарсы АҚШ Түркияның қолындағы S-400 әуе қорғаныс жүйесін Украинаға жіберуіне көмектессін. Оның орнына түріктерге жаңа балама ұсына отырып, F-35 жеткізілімдерін бастасын. Бұл сондай-ақ АҚШ-Түркия қарым-қатынастарын жақсартуға көмектеседі» деп жазған еді.

Алтун болса аталмыш мақалаға жауап ретінде жариялаған мақаласында «Колбе мырза Түркияның Украинаға ресейлік S-400 әуе қорғаныс жүйесін жіберуі керектігін алға тартады. Бүгін онша шындыққа жанаспайтын бұл көзқарас Түркияның соңғы кездегі мәселелерін батыспен талқылауға мүмкіндік береді» деді.

Фахреттин Алтун Түркияның Ресейден S-400 сатып алу шешіміне қатысты АҚШ тарапынан жасалған барлық мәлімдемелерде «Түркияның алдымен АҚШ-пен келіссөз жүргізгенін, бірақ АҚШ-тың Патриот әуе қорғаныс батареяларын сатудан бас тартуының» назардан тыс қалғанын атап өтті.

НАТО одақтастары арасындағы қорғаныс ынтымақтастығының саясатқа құрбан етіліп, Түркияны жаңа инвестицияларға итермелегенін жазған Алтун «Түркияның саяси себептермен F-35 бағдарламасынан заңсыз «шығарылуы» мәлімдемелерді байыппен қабылдауды қиындатады. Түркия батыстың тосқауыл қою талпыныстарына қарамастан, қазір Украинаның инвентарының бір бөлігі болып табылатын «Байрактар» пилотсыз әуе көліктерін жобалап, өндірді» деді.

Фахреттин Алтун Түркиямен қарым-қатынасты қалыпқа келтірудің батыстың және әсіресе АҚШ-тың жауапкершілігі екенін атап көрсетті.

Алтун «Колбе мырзаның S-400 аргументін жетілдіру үшін батыстың F-35 әскери ұшақтары мен Патриот әуе қорғаныс батареяларын Түркияға алғы шартсыз жеткізуі тиісті» деді.



Ұқсас жаңалықтар