Президент Ердоған Брюссельге барады

Ердоған Брюссельде НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының кезектен тыс саммитіне қатысады.

1800283
Президент Ердоған Брюссельге барады

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Мемлекет және үкімет басшыларының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін 23-24 наурыз күндері Бельгияның бас қаласы Брюссельге аттанады.

Президенттік коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Ресей-Украина соғысы талқыланатын саммитте НАТО-ның бас тартқызушылық пен қорғаныс құрылымын күшейту шаралары қарастырылады.

Саммит отырысында маусым айында өткізілуі жоспарланған Мадрид саммитіне дейінгі үдерісте одақтың болашағын қалыптастыруға бағытталған қадамдар мен қабылданатын шешімдер туралы пікір алмасады.

Президент Ердоғанның саммитке қатысушы кейбір мемлекет және үкімет басшыларымен кездесуі жоспарланған.



Ұқсас жаңалықтар