Ердоған мен Дуда баспасөз жиналысын өткізді

Польша президенті Анджей Дуда Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.

1796795
Ердоған мен Дуда баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған 24 наурызда Бельгия астанасы Брюссельде өткізілетін НАТО Лидерлер саммитіне қатысатынын айтты.

Польша президенті Анджей Дуда Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.

Президент Ердоған Польша президенті Анджей Дуданы Чанкая сарайында қарсы алды және ортақ баспасөз жианлысыенда сөз сөйледі.

"Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар мен Украина-Ресей арасындағы соңғы оқиғаларды қолға алдық" деген Ердоған:

"НАТО-ның екі одақтасы ретінде нелер істей алатынымызды саммитте бағалаймыз. Соғысты аяқтатау үшін диаломатиялық талпыныстарды жалғастыруға келістік. Сыртқы істер министрі Мәскеуде кездесулер өткізуде, бүгін Украинаға барады" деді.

Президент Ердоған:

"24 наурызда Бельгия астанасы Брюссельде өткізілетін НАТО Лидерлер саммитінде Украина-Ресей арасындағы соңғы оқиғалар жайлы кездесу өткіземін" деді.

Президент Ердоған Польшаға 2 миллион босқынның баруы және екі ел с аудасы жайлы:

"Сауда мөлшері індетке қарамай 8.3 миллиард долларға жетті. 10 миллиард долларлық нысанаға жақындадық. Қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастыққа ризамыз. Түркия мен Еуропа Одағы байланыстарында польшалық достарымыздың тұғырына сенеміз" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар