Чавушоғлу мен Лавров кездесті

Чавушоғлу мен Лавров Ресейдің астанасы Мәскеуде мәлімдеме жасады.

1796706
Чавушоғлу мен Лавров кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу атыстық тоқтатылуы үшін Ресей президенті Владимир Путин мен Украина Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуіне үй иелік жасағысы келгендерін білдірді. 

Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Ресейдің астанасы Мәскеуде кездесті. 

Екі министр кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді. 

"(Ресей мен Украина арасында) Атыстың тоқтатылуы үшін атсалысудамыз" деген Чавушоғлу "Дағдарысты доғару тақырыбында қолымыздан келгенін істедік" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу "Украинадағы соғыстың және қан мен көз жастарының тоқтатылуы керек. Соғыстың жеңіске жеткені, бейбітшіліктің жеңіліске ұшырағаны болмайды" деді. 

15 мыңнан астам азаматты Түркияға әкелгендерін түсіндірген Чавушоғлу эвакуациялау жұмыстарының бір бөлімін Ресей арқылы жасағандарын айтты. 

Чавушоғлу Путин мен Зеленскийдің кездесуіне ризашылықпен үй иелігін жасағысы келгендерін баяндап, "Екі лидердің келісім жасау үшін бас қосуын тілеймін" деді. 

Түркияның Украина тақырыбындағы ұстанымына да көңіл бөлгендерін баяндаған Лавров та "Украина тақырыбында бірқатар көзқарас ұқсамастығымыз бар. Алайда Түркияның тепе-теңдік тұғыры біз үшін маңызды. Құрметпен қараймыз" деген сөздер қолданды. 

Путин мен Зеленскийдің кездесуінің алдында кедергі болмағанын айтқан Лавров Түркияның эвакуациялау жұмыстарымен байланысты Ресейдің бастан бері жәрдем беруге тырысқанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар