Ердоған мен Шольц ортақ баспасөз жиналысын өткізді

Ердоған: "НАТО одақтасы екі ел ретінде алаңдап отырғанымызды бөлістік. Шешім үшін дипломатиялық талпыныстарды жылдамдатуға келістік" деді.

1795347
Ердоған мен Шольц ортақ баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату талпыныстарын табандылықпен жалғастыратындарын айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен бірге Президенттік сарайда  ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды. 

Германия премьер-министрі Олаф Шольцпен кездесуде Ресей мен Украина тақырыбын толық талқылағандарын айтқан Ердоған:

"НАТО одақтасы екі ел ретінде алаңдап отырғанымызды бөлістік. Шешім үшін дипломатиялық талпыныстарды жылдамдатуға келістік" деді.

Президент Ердоған:

"Талпыныстарымыздың нәтижесінде Ресей мен Украина Сыртоқы істер министрлері Сыртқы істер министріміз Мевлүт Чавушоғлуның қатысуымен жиналыс өткізді. Анталиядағы Дипломатия саммиті тамаша орай болды. Ресей мен Украина арасында атысты тоқтату талпыныстарын табандылықпен жалғастырамыз.  Осы шайқалыстағы процесте  жоғары дәрежелі келіссөз механизмін жандандыру керектігіне сенемін" деп көрсетті.

Ердоған Германиямен сауда мөлшері жайлы:

"2020 жылы 38 миллиард доллар болған екі жақты сауда мөлшері 2021 жылы 41 миллиард долларға жетті. Мұны 50 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алдық" деді.

Германия премьер-министрі Олаф Шольц:

"Ресей мен Украина арасында атыстың тоқтауы тақырыбында ортақ көзқарастамыз. Түркияның дипломатиялық шешімге қосқан есесі ерекше. Маңыздысы қарудың үнін өшіру.  Украинаның территория тұтастығын қорғау өте маңызды. Монтре келісімі бойынша Бұғаздарды Түркияның жабуы дағдарыстың асқынуын тосты" деді.

Олаф Шольц Еуропа Одағы мен Түркия арасында энергия саласындағы ынтымақтастықтың өте маңызды екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар