Түрік іскері Онур Хеким украиналықтарға тегін тамақ таратуда

Түрік іскері Онур Хеким соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткен украиналықтарға тегін тамақ таратуда.

1794998
Түрік іскері Онур Хеким украиналықтарға тегін тамақ таратуда

Түрік іскері Онур Хеким Украинаның астанасы Киевте соғыс салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған мөлшермен 1000 украиналыққа тегін тамақ таратуда. 

Ресей мен Украина арасындағы соғыс кесірінен Киевте дүкендердің көбі жабылды. Ашық болған дүкендерде  азық-түлік өте аз. 

Дүкендердің жабылуы себепті Киев халқының бір бөлімі азық-түлікте қиыншылық шегуде. 

Измирден 20 жыл бұрын Киевке барған және осы қалада тамақ секторында жұмыс істеген Хеким соғыс салдарынан үйлерін тастап кеткен украиналықтарға тегін тамақ таратуда. 

Хеким еріктілердің көмегімен 24 ақпанда соғыс басталғанан бірнеше күннен кейін 500 адамға тегін тамақ тарата бастады. 

Хеким демеуші болған жәрдем кампаниясында бүгін мөлшермен 1000 украиналыққа тегін тамақ таратылуда.

 


Этикеттер: #Киев , #іскер , #тамақ , #тегін

Ұқсас жаңалықтар