Түркия атысты тоқтату бітіміне риза
Ибрахим Калын Украинада бейбіт халықты эвакуациялау үшін жарияланған атысты тоқтату бітіміне риза болғандарын білдірді.
Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Украинада бейбіт халықты эвакуациялау үшін жарияланған атысты тоқтату бітіміне риза болғандарын білдірді.
Ибрахим Калын Twitter-дегі парақшасында "Украинада бейбіт халықты эвакуациялау үшін жарияланған атысты тоқтату бітіміне риза болдық. Атысты тоқтату бітімінің түбегейлі болуы және бейбітшілік келіссөздерінен нәтиже шығуы үшін Президентіміздің басшылығында талпыныстарымызды жалғастырамыз" деп көрсетті.
Ресей Украинаның Мариуполь, Харьков және Суми қалаларынан бейбіт халықты эвакуациялау үшін Мәскеу уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап атысты тоқтатқанын хабарлаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.