Бұғаздар соғыс кемелеріне жабылды

Мевлүт Чавушоғлу Қаратеңізге жағалауы бар елдерді Босфор бұғазынан және Дарданель бұғазынан соғыс кемелерін өткізбеулері жайлы ескерткендерін білдірді.

1787308
Бұғаздар соғыс кемелеріне жабылды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Қаратеңізге жағалауы болған-болмаған барлық елдерді бұғаздардан соғыс кемесін өткізбеу жайлы ескерттік" деді.

Астана Анкарада мәлімдеме жасаған Мевлүт Чавушоғлу 1936 жылы қол қойылған Монтре Бұғаздар келісімінің атқарылатынын қайталады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Түркия соғысты қолдамаса, соғысқа тарап болған елдердің кемелерін бұғаздардан өткізбеу билігі бар. Соғыс кемесі Қаратеңіздегі базаларына кері қайтатын болса, өтуі тосылмайды. Монтре Бұғаздар келісімін атқарамыз" деп көрсетті. 

Мевлүт Чавушоғлу осы аяда Қаратеңізге жағалауы бар елдерді Босфор бұғазынан және Дарданель бұғазынан соғыс кемелерін өткізбеулері жайлы ескерткендерін білдіріп:

"Ресей мен Украина екі елден де қазірге дейін бұғаздан өту талабы келмеді" деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу осының алдындағы мәлімдемесінде Украинаға 24 ақпанда басталған орыс шабуылының "операциядан соғысқа айналғанын" білдірген еді.

Мевлүт Чавушоғлу америкалық әріптесі Блинкенмен телефонда сөйлесті, екі министр Украинадағы жағдайды кеңесті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Блинкеннің Түркияның Монтре Бұғаздар келісімін атқаруына және Чавушоғлуның осы жайлы соңғы мәлімдемесіне риза болғанын  тілге тиек еткені білдіріліп:

"Министр Түркияға Украинаның қорғалуына, егемендігі мен территория тұтастығына берген күшті қолдауы үшін алғыс айтты" деп көрсетілді.

 



Ұқсас жаңалықтар