Калын Ресей жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Ибрахим Калын батыстың Ресейге бағытталған санкцияның айтарлықтай нәтиже бермегенін атап өтті.

1782140
Калын Ресей жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын батыстың Ресейге бағытталған санкцияның айтарлықтай нәтиже бермегенін атап өтті.

Ибрахим Калын неміс "Die Welt" газетіне мәлімдеме жасады. Калын "Ресейге  бағытталған санкциялар айтарлықтай нәтиже бермеді. Қарсы тараптың көзқарастарын тыңдау және стратегиялық алаңсыздықтарын түсіну тіпті жақсы болар" деп көрсетті. 

Калын Түркияның Ресей мен Украина арасындағы дағдарыстың қай жерінде екені жөніндегі сұраққа орай 21-ші ғасырда жаңа қиыншылықтармен бетпе-бетке келгенін түсіндіріп, "Біз екі тараптың да сенетін жаңа қағидалар мен принциптер орнатуымыз керек. Бұл Ресейдің әрбір талабын орындау дегенді білдірмейді. Алайда орыстардың айтқандарына құлақ асқанымыз жөн" деген сөздер қолданды. 

НАТО-ның әлемнің ең табысты және ең маңызды әскери одақтасы екенін баяндаған Калын "Біз НАТО-ның маңызды бір мүшесіміз. Алайда бұл Орталық Азия, Кавказ, Орташығыс, Африка сынды басқа одақтастарға қосылмаймыз немесе Ресей және Қытаймен жақсы қарым-қатынаста болмаймыз дегендік емес" деді. 

Ибрахим Калын сыртқы саясатқа жан-жақтылы бір перспективамен қарағандарын білдіріп, "Достық құрғысы келгендерге есігіміз айқара ашық. Географиялық орнымыз осылай істеуді мәжбүр етуде. Әрине бұл бірдей көзқараста боламыз деген сөз емес. Кейбір тақырыптарда Ресеймен бірдей көзқараста емеспіз. Қырымның жаулауын қабылдамаймыз. Сириядағы саясатты және Ливиядағы Вангер жасақтарын қолдамаймыз" деп көрсетті. 

Германияның Еуропаның ең маңызды елі екенін түсіндірген Калын Түркия-Германия қарым-қатынастарының осы таңда ойдағыдай деңгейде болмағанын білдірді. 

Калын екі ел арасында керемет бір әлеуеттің болғанын баяндап, "Бірге көптеген жұмыс істеуімізге болады. Стратегиялық мүдделеріміз бен тарихи көзқарастарымызды қайтадан реттеуіміз керек" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар