Нобель лауреаты ғылыми жаңалықтың сүйіншісін берді

Анкараға келген Проф. Санжар ғылыми жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасады.

1780360
Нобель лауреаты ғылыми жаңалықтың сүйіншісін берді

Нобель сыйлығының лауреаты, түрік ғалым Азиз Санжар рак ауруына байланысты зерттеуді Түркияда жалғастыратыны туралы сүйінші хабар берді.

Ұлттық Білім беру министрлігінің шақыруымен Азиз Санжар атындағы білім беру кампусының беташарына қатысу мақсатымен Анкараға келген Проф. Санжар ғылыми жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасады.

Ол өте жаңа бір зерттеуін бірінші рет хабарлап: «Түркияға келместен бір күн бұрын өте жаңа бір нәрсе байқадық. Осы ғылыми зерттеу әдісі ғалымдар үшін шабыт қайнары» деді.

Осы әдістің рак ауруын емдеуде қолданып қолбандау туралы бір сұраққа орай ғалым: «Барлық нәрсені рак емін зерттеуде қолдануға болады. Бұл жаңа әдіс ДНК-ны жөндеуге байланысты әдіс.  Оның мен бір жыл ішінде Түркияға әкелемін» деді.

Ол жаңа әдіске байланысты ғылыми мақала жарияланбағанын, сондықтан егжей-тегжей мәлімет бермейтінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар