Президент Ердоған Дубайда жастармен бас қосты

Ердоған Дубай көрмесінде Біріккен Араб Әмірліктерінің стендінде жастармен бас қосты.

1779648
Президент Ердоған Дубайда жастармен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның келесі жылы ұлттық зымыранымен Айға қонатынын айтты. «Біріккен Араб Әмірліктермен ғарыш агенттігіміздің алдымыздағы кезеңде ықпалды ынтымақтастық жүргізуі және тәжірибе бөлісуі ортақ мүддемізге жарайды» деді ол.

Ердоған Дубай көрмесінде Біріккен Араб Әмірліктерінің стендінде жастармен бас қосты.

Түркия мен БАӘ жастары арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа қадамдар басқанын атап көрсеткен президент осы шеңберде келісімге қол қойғандарын, осылайша жастардың арманының орындалуы барысында маңызды сатыдан өткендерін айтты.

«Жастар ретінде сіздерден Түркия мен БАӘ арасында көңіл елшісі ретінде қозғалуды сұраймыз. Екі дос ел ретінде ынтымақтастық мүмкіндіктеріміз өте көп. Әсіресе ғарыш бағдарламалары және инновациялық технологиялар саласында көзқарасымыз ұқсас. Ұзын мерзімді жоспарлау және жұмыстың нәтижесінде Ұлттық Ғарыш бағдарламасын жарияладық.  Республиканың 100 жылдығында, яғни  келесі жылы ұлттық зымыранымызды Айға ұшырамыз» деді президент.



Ұқсас жаңалықтар