Шуша декларациясы күшіне енді

Заң Ресми газетте жарияланды.

1778252
Шуша декларациясы күшіне енді

Түркия Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасында одақтастық қатынастар жөнінде Шуша декларациясының бекітілуіне орай заң күшіне енді.

2021 жылдың 15 маусым күні Әзербайжанның Шуша қаласында қол қойылған,  Түркия мен Әзербайжан арасында одақтастық қатынастары жөніндегі Шуша декларациясының ратификациясын бекіту туралы заң Ресми газетте жарияланды. 

Шуша декларациясы Түркия мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың нығайтылуын және тереңдей түсуін мақсат етеді.

Декларация арқасында екі елді бірлестіретін Зенгезур коридорының ашылуы және Нахчыван- Карс теміржол магистралінің құрылысы көзделіп отыр. Сондай-ақ елдер бір-бірінің тәуелсіздігіне немесе территория тұтастығына үшінші бір ел шабуылдаған жағдайда бір-біріне қажетті көмекті береді.  Әсіресе терроризм, ұйымдасқан қылмыстар, есірткі саудасы, заңсыз көшпен күресте бірігіп жұмыстанады.



Ұқсас жаңалықтар