Израильмен кездесулер Палестина күресіне зиян келтірмейді

Министр Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігінде күн тәртібіне байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

1775416
Израильмен кездесулер Палестина күресіне зиян келтірмейді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израильмен қарым-қатынаста Палестина күресіне зиян келтірілмейтінін айтты.

Министр Чавушоғлу Сыртқы істер министрлігінде күн тәртібіне байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Израиль президенті Ицхак Герцогтың наурыз айында Түркияға жоспарлаған сапарына тоқталған Чавушоғлу Герцогтың сапары бойынша принципті түрде келіскендерін білдірді.

«Қарым-қатынастар қалыпқа түсетін болса, бұл екі жақтың қадамдарымен реттеледі немесе белгілі бір диалог арнасы ашылады» деді ол.

Чавушоғлу Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы "Израильмен қарым-қатынасымызда жасалатын кез келген қадам  кейбір елдер сияқты Палестина мәселесіне зиян келтірмейді. Біздің ондағы (Палестина мәселесінде) ұстанымымыз әрқашан айқын. Біз ең айқын ел болдық» деді.

Ол Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуі Түркияның Палестина-Израиль мәселесінде екі мемлекетті шешімдегі рөлін арттыруы мүмкін екенін атап көрсетті.

«Бірақ біз іргелі ұстанымдарымыздан, принцибімізден, оның ішінде екі мемлекетті шешімнен бас тартпаймыз», - деді министр.

 

 



Ұқсас жаңалықтар