ЕО-ның да күнәсі бар

Мевлүт Чавушоғлу Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

1775373
ЕО-ның да күнәсі бар

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грецияның адам құқықтарын ашық түрде бұзып, (тұрақсыз мигранттарды) кері итеру саясатын жалғастырып отырғанын және бұнда Еуропа Одағының (ЕО) да кінәсі бар екенін айтты.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен ел астанасы Анкараға келген Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Грекияның халықаралық деңгейде (тұрақты емес мигранттарды) кері итеру және адам құқықтарын бұзу саясатын жалғастырғанын атап көрсеткен Чавушоғлу бұл мәселеге ЕО-ның да кінәлі екенін, өйткені Грецияның бұл мәселеде ЕО-дан қолдау алғанын айтты.

Чавушоғлу Еуроодақтың шекарасын қорғау сылтауымен Грекияның адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін қолдауының Одақ құндылықтарына түбегейлі қайшы екенін білдірді.

Мевлүт Чавушоглу «Грекия - 19 жазықсыз адамның (Эдирненің Ипсала ауданында) суықта үсіп қайтыс болуына жауапты» деді.



Ұқсас жаңалықтар