Ердоған мен Зеленский баспасөз жиналысын өткізді

Президент Ердоған Түркияның Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуіне үй иесі болуға дайын екенін айтты.

1773167
Ердоған мен Зеленский баспасөз жиналысын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуіне үй иесі болуға дайын екенін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің шақыруымен Түркия мен Украина арасындағы Жоғары деңгейлі Стратегиялық Кеңесінің 10-шы жиналысына қатысу мақсатымен Киевке барған президент Ердоған Владимир Зеленскиймен Маринский сарайында бас қосты.

Зеленский мен Ердоған оңаша кездесу өткізгеннен кейін екі ел министрлерінің қатысуымен көптеген саладағы келісімдерге қол қою рәсімі өткізілді. 

Қол қою рәсімінен кейін екі лидер ортақ баспасөз жиналысын өткізді.

Президент Ердоған:

"Екі жылдан кейін стратегиялық ортағымыз Украинаға сапарлай келгеніме риза болдым. Қырымды қамтыған Украинаның территория тұтастығын қолдайтынымызды қайталаймын. Түркия Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуіне үй иесі болуға дайын" деді.

Ердоған Қаратеңіз арқылы көрші болған екі дос ел арасындағы дағдарысты аяқтату үшін қолынан келгенді жасайтынын айтты.

Зеленскиймен екі ел арасындағы сауда мөлшерін 10 миллиард долларға көтеру үшін басылатын қадамдарды кеңескендерін айтқан Ердоған:

"Қол қойылған келісімдер стратегиялық ортақтығымызды дамыту ниетіміздің дәлелі" деп көрсетті.

Президент Зеленский де:

"Қол қойылған келісімдер Байкар ұшқышсыз әуе көліктерінің Украиндағы өндірісін кеңейтеді. Территория тұтастығымызға қолдауына орай Түркияға және президент Ердоғанға алғыс айтамын. Соғысты аяқтату жолында Украина мен Ресей арасында Түркияның  бітімгерлік талпынысына алғыс айтамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар