Чавушоғлу Гвинея-Бисаудағы төңкеріс әрекетін айыптады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Гвинея-Бисаудағы төңкеріс әрекетін айыптады.

1772367
Чавушоғлу Гвинея-Бисаудағы төңкеріс әрекетін айыптады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Гвинея-Бисау президенті Умаро Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті. 

Телефондағы әңгімеде Чавушоғлу Гвинея-Бисауда кеше ұйымтастыруға тырысқан төңкеріс әрекетін айыптап, Түркияның дос және бауырлас  Гвинея-Бисау халқының қасында екенін айтты. 

Чавушоғлу кеше түнде де Гвинея-Бисау Сыртқы істер министрі Сузи Барбозаға телефон шалып, оқиғалар жайлы мағлұмат алған және Түркияның Гвинея-Бисаумен селбесетінін түсіндірген. 

Астана Бисауда кеше Президенттік сарайдың маңында мылтықтың даусы естілген және Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы (ЭКОУАС) оқиғаны "төңкеріс әрекеті" деп мәлімдеген. 

 



Ұқсас жаңалықтар