Фуат Октай Ерсин Татармен телефонда сөйлесті

Фуат Октай құрылатын жаңа үкіметтің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының байлығы мен тұрақтылығы үшін жұмыстанатынын білдірді.

1768224
Фуат Октай Ерсин Татармен телефонда сөйлесті

Президенттің орынбасары Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татармен телефонда сөйлесті.

Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 23 қаңтарда өткен ерте жалпы сайлаудың нәтижелері саяси партияларға және Кипрдегі түрік халқына қайырлы болуын тіледі.

Фуат Октай құрылатын жаңа үкіметтің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының байлығы мен тұрақтылығы үшін жұмыстанатынын білдіріп, табыс тіледі.

Фуат Октай сайлауда бірінші болған Ұлттық бірлік партиясының төрағасы және премьер-министр Фаиз Сужуоғлун құттықтады.

Октай Сужуоғлумен телефонда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы сайлауының демократиялық ортада өткенін білдіріп, Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың барлық салада еселеп артқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар