Ердоған Ресей мен Украинаға бітімгер болатынын айтты

Президент Ердоған Түркияның Ресей мен Украина бейбітшілігі үшін бітімгер болуға дайын екенін білдірді.

1766504
Ердоған Ресей мен Украинаға бітімгер болатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина дағдарысына байланысты:

"Бейбітшілік үшін бітімгерлік жасаймыз" деді.

Ердоған Стамбулда күн тәртіпті бағаландырды.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ресей-Украина дағдарысы жаулап алуға бағытталған бір оқиға немесе соғыс мүмкіндігі аймақтың тыныштығын бұзады" деді.

"Бұл аймақты шынында мазасыздандырғанындай, 40 миллион жан саны бар Украина мен Ресейдің тыныштығының бұзылуын Түркия ретінде біз де қабылдамаймыз" деген Президент:

"Түркияның Ресеймен қарым-қатынасы бар. Саяси, әскери, мәдени салаларда Түркия-Ресей қарым-қатынастары бекемделуде.  Украинамен де байланысымыз жақсы.  Осы жақсы байланыстардың Ресей мен Украина арасында нашарлауын қабылдамаймыз" деді.

Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнатуға Түркияның бітімгер болатынын айтқан Ердоған:

"Бұл жайлы қандай міндет берілсе, дайын екенімізді жеткіземін. Алдағы күндерде Украинаға сапармен барамын. Ресей президенті Владимир Путинмен де телефонда сөйлесуім немесе Мәскеуге баруым мүмкін. Біз аймақта бейбітшілікті қалаймыз. Не қажет болса, жасауға дайынбыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар