Отандық вакцинада жаңа зерттеу

TURKOVAC үшін жаңа ғылыми зерттеу басталды

1765795
Отандық вакцинада жаңа зерттеу

Коронавирустың жаңа түріне (Ковид-19) қарсы жетілдірілген отандық вакцина TURKOVAC үшін жаңа ғылыми зерттеу басталды. Зерттеу барысында BioNTech вакцинасының 2 дозасынан кейін TURKOVAC вакцинасының бір дозасын қабылдағандардың антиденелерінің мөлшері өлшенетін болады.

Turkovac отандық вакцинасы жеткілікті ғылыми деректер жиналғаннан кейін салына бастады.  Бірінші вакцина ретінде қолданудан басқа, ол mRNA және инактивтендірілген вакциналардан кейін «қайталау» вакцинасы ретінде де қолданылады.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа кеше министрлер кабинетінің отырысынан кейін журналистерге жаңа зерттеу туралы мәлімет берді.

Министр Кожа мәлімдемесінде "Біз екі BioNTech вакцинасынан кейін салынған бір дозалық TURKOVAC зерттеуін бастаймыз. Осылайша пациенттегі антиденелердің өзгеруі байқалады. mRNA вакцинасына қосымша инактив вакцина зерттеуі әлемде бірінші болмақ", - деді.



Ұқсас жаңалықтар