Түркияда вирустан 162 адам мерт болды

Бір тәулікте 64 мың 935 адамға вирус жұққаны анықталды.

1764032
Түркияда вирустан 162 адам мерт болды

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 162 өлім-жітім тіркелді.

Соңғы 24 сағатта 403 мың 836 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 64 мың 935 адамға вирус жұққаны расталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 72 мың 106 кісіге жетті.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен жалпы 139 миллион 578 мың 409 вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар