Министр Чавушоғлу мен әл-Нахаян телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БАӘ-дегі шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

1764544
Министр Чавушоғлу мен әл-Нахаян телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Сыртқы істер министрі шейх Абдуллах ибн-Заид әл-Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында министр Чавушоғлу кеше БАӘ-ге қарсы жасалған шабуылдарда қаза тапқандарға көңіл айтып, жаралылардың сауығып кетуін тіледі.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастар мен кейбір аймақтық мәселелер де талқыланды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің бас қаласы Абу-Дабидің Мусаффа аймағында пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуыл нәтижесінде 3 жанармай танкерінде жарылыс болып, шабуылда 3 адам қаза тапқаны және 6 адамның жараланғаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар