Ердоған Ресей-Украина дағдарысы жайлы мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейдің Украинаның жаулау ықтималының шындыққа үйлеспегенін айтты.

1764522
Ердоған Ресей-Украина дағдарысы жайлы мәлімдеме жасады

Албания сапарынан кейін журналисттердің сұрақтарына жауап берген президент Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа тоқталды. 

Ресейдің Украинаны жаулау ықтималының шындыққа үйлеспегенін білдірген Ердоған Украинаның жай бір ел емес, күшті бір ел екенін айтты. 

Президент Ресейдің жаулау қадамының басылуы үшін барша әлемдегі жағдайға және өз ахуалына көз жіберулері керектігін атап өтті. 

Украинада сапарда болған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен сөйлескенін білдірген Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен де осы тақырыпты қолға алатынын баяндады. 

Ердоған сөзін былай жалғастырды: "Өйткені бұл аймақтар соғысты қабылдамайды. Бұлар дұрыс емес. Бұдан кейін соғысты саясат тарихынан шығарғанымыз жөн. Мен бір территорияны жаулап алайын деген пиғыл жүзеге аспайды. Мысалы Ресей Украинаға не істеді? Қырымды басып алды. Қырыммен байланысты біз әрқашан Қырымның жаулауына қарсы екенімізді құрметті Путинге айтқанмын. Сыртқы істер министріміз де әріптесіне бұларды айтуда. Яғни бұл тақырыпта біздің саясатымыз белгілі". 

Президент Ердоған Америка Құрама Шаттарының Грекияның Жерорта теңізінің шығысында Израиль және Оңтүстік понти әкімшілігімен бірге жоспарлаған "EastMed" құбыр желісі жобасына қолдауынан бас тартуы керектігін де түсіндірді. 

"Бұл жоба жүзеге асырылмайды" деген Ердоған АҚШ-тың қаржы есептеріне сілтеме жасап, бұл жобаға болымды қарамағанын айтты.

Түркиясыз мұндай жобаның жүзеге асырылмайтынын баяндаған Ердоған "Өйткені егер бұл жерден Еуропаға газ баратын болса, онда Түркия арқылы ғана болады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар