Ердоған Қаратеңіздегі табиғи газ табыстарына тоқталды

Президент Ердоған Қаратеңіздегі табиғи газ жұмыстарының 2023 жылға дейін аяқтайтынын айтты.

1764518
Ердоған Қаратеңіздегі табиғи газ табыстарына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Қаратеңіздегі табиғи газ жұмыстарында 2022 жылы барлық құдықтарда өндіріс алдында кемелдендіру операциялары жасалатынын айтып:

"Құдай қаласа, 2023 жылы бұл жұмысты бітіреміз" деді.

Албания сапарының соңында журналистерге жауап берген Ердоған Қаратеңіздегі табиғи газ жұмыстарына байланысты:

"Құбыр желісінде қолданылатын құбырлар келе бастады. Құбырлардың барлығы 10 ретте кемежайға жеткізіледі. Құбырлардың ұзындығы 12 метр.  Құбырды тағанға төсеу жұмысы 5 ай жалғасады. 2022 жылы барлық құдықтарда операциялар жасалады. Құдай қаласа, бұл жұмысты 2023 жылға дейін тамамдаймыз" деді.

"Жаңа сүйіншіңіз бар ма?" деген сұраққа Ердоған:

"Күтудеміз. Барлық қиялымыз, министрліктер жасаған жұмыстар, жолдастар берген мәліметтер, сейсмикалық кемелеріміздің бізге берген рапорттары осы бағытты көрсетуде. Бұл жұмыстардан табысты нәтиже алғанымызда "Экономикалық күшіңіз қандай?" деп сұрағандарға қажетті жауапты береміз, иншалла" деп жауап берді. 



Ұқсас жаңалықтар