Түркия мен Әзербайжан дипломатиялық қарым-қатынасының 30-шы жылдығы

Түркия мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға биыл 30 жыл болды.

1762566
Түркия мен Әзербайжан дипломатиялық қарым-қатынасының 30-шы жылдығы

Түркия Түркия-Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 30-шы жылдығын құттықтады. 

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 30 жыл бұрын "Қайтадан дипломатиялық қарым-қатынас құру хаттамасына" қол қоюымен екі арасындағы дипломатялық қарым-қатынастардың басталғаны білдіріліп, Әзербайжанның тәуелсіздігін жариялануынан кейін дипломатиялық қарым-қатынас құрған алғашқы елдің Түркия екені еске салынды. 

Мәлімдемеде "30 жыл бойынша Түркия жақсы күндер де, жаман күндер де дос және бауырлас Әзербайжанның қасында болған" деп көрсетілді. 

Мәлімдемеде "Түркия Республикасының құрушысы ардагер Мұстафа Кемал Ататүріктің Әзербайжан қуанышы біздің қуанышымыз, Әзербайжанның қайғысы біздің қайғымыз" деген сөздерге орын берілді. 

Еске сала кетейік, 1991 жылы 30 тамыз күні Әзербайжан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Түркия 1991 жылы 9 қараша күні бірінші ел болып Әзербайжан Республикасын таныды. Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 14 қаңтар  күні құрылды және Бакуде бас консульдық ретінде міндет атқарған миссия  елшілік деңгейіне көтерілді. Әзірбайжанда сонымен қатар Нахичеван және Гәнжә бас консульдықтары жұмыс атқаруда. Әзірбайжанның болса Анкарада елшілік, Стамбул мен Карста да бас консульдықтары бар.

Түркияның Әзірбайжанмен қарым-қатынастары әрі жан-жақты, әрі стратегиялық деңгейде. Үнемі жалғасқан өзара сапарлар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың күшеюінде дәнекер болды. Екі ел мемлекет лауазымдарының үнемі кездесулері және өзара сапарлары бір дәстүрге айналды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар