Калын мен Салливан телефонда сөйлесті

Телефонда Түркия мен АҚШ арасында келісімі жасалған ортақ стратегиялық  механизм мен басты тақырыптары талқыланды.

1760293
Калын мен Салливан телефонда сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде саяси және экономикалық ынтымақтастық пен қорғаныс ынтымақтастығын дамыту тақырыптары бағаланды.

Жаһандық және аймақтық тақырыптар аясында Украина дағдарысы, Қазақстандағы протесттер, Армениямен қалыпқа түсу процесі, Ауғанстан, Босния-Герцеговина мен Эфиопиядағы жағдайларға байланысты көзқарас алмастырылды.

Телефонда Түркия мен АҚШ арасында келісімі жасалған ортақ стратегиялық  механизм мен басты тақырыптары талқыланды. 

Украина дағдарысының диалог және ынтымақтастық жолымен шешілуі керектігі, Түркияның осы тақырыпта барлық көмекті беруге дайын екені білдірілді.

Қазақстандағы оқиғалардың тезірек тынышталуының аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығы үшін маңызды екені атап айтылды. Түрік Мемлекеттері Ұйымының осы жөніндегі талпыныстарына тоқталды. 

Түркия мен Армения арасындағы қалыпта түсу процесі және Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшіліктің орнауы аймақтың тұрақтылығы мен байлығына есе қосатыны айтылды.

Түркияның Балкан, Кавказ, Орталық Шығыс, Орталық Азия мен Африкада бейбітшілік пен тұрақтылықты қамдауда рол атқаруды жалғастыратыны дәріптелді.



Ұқсас жаңалықтар