Мүктен жасалған Еуропадағы алғашқы биожағармай базасы ашылды

Рәсімге ТР Өнеркәсіп және технология министрі Варанк, Энергия және табиғи ресурстар министрі Дөнмез қатысты.

1759003
Мүктен жасалған Еуропадағы алғашқы биожағармай базасы ашылды
mustafa vaank yosun biyorafineri.jpg
mustafa vaank yosun biyorafineri.jpg
mustafa vaank yosun biyorafineri.jpg

Еуропаның алғашқы және жалғыз көміртек биоөңдеу базасы Бұғазіші Университетінің Стамбулдағы Сарытепе кампусында ашылды.

Рәсімге ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез қатысты.

Рәсімде сөз сөйлеген Мұстафа Варанк құрылған базаның әлем көлемінде мүк биотехнологиялары саласында жұмыс істейтін ең маңызды орталықтарының бірі екенін білдірді. Осы базада өндірілетін биожағармай арқасында энергия мұқтаждығының бір бөлігі арзан қамдалатын болады. Осы биожағармайдың ұшақтарда қолданылуы үшін де зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Министр базада сонымен бірге "Spirulina" деп аталатын мүктермен адамның протеин мұқтаждығын қамдауға бағытталған бір өнім өндірілгенін де атап көрсетті. «Сондай-ақ барлығымыз білетін омега-3 қышқылдары да осында мүктен өндіріледі. Осында өндірілген жем және тыңайтқыш арқылы да егіншілік саласына үлкен үлес қосылады» деді ол.

Артынан мүктен жасалған биожағармай қолдану арқылы ұшақ моторы сынақтан өткізілді.

Рәсімде екі министр базаны аралау кезінде журналистерге мүктен пісірілген тағамдарды ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар