Ердоған Линдита Николланы қабылдады

Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен де кездесті.

1753840
Ердоған Линдита Николланы қабылдады

Президент Режеп Тайып Ердоған Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николланы қабылдады.

Қабылдауға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп та қатысты.

Президенттік сарайдағы қабылдау баспасөзге жабық өткізілді.

Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен де кездесті. 

Мевлүт Чавушоғлу кездесуге байланысты Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде:

"Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николламен кездестік. Парламенттер арасындағы байланыстарымызды бекемдейміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар