«Эрен қыс-14» операциясы басталды

ТР Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1754116
«Эрен қыс-14» операциясы басталды

Батманда шейіт жандармерия аға сержанты Сүлейман Гүрдің атымен аталатын «Эрен қыс-14» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақты паналаған террористтерді залалсыздандыру мақсатты Батман қаласында «Эрен қыс-14 шейіт жандармерия аға сержанты Сүлейман Гүр» операциясы басталды.

Батман қалалық жандармерия қолбасшылығы басқарған операцияға жандармерия арнайы десанттары мен жандармерия арнайы операциялық күштеріне қоса қарауылдық топтардан құралған 620 қызметкер қатысуда.

Елдегі лаңкестікті түбегейлі жою мақсатты жүргізілген «Эрен қыс» операцияларының халықтың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасатыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар