Шентоп Линдита Николламен бас қосты
Мұстафа Шентоп Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла және делегациясымен ТҰҰМ-де кездесті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Еуропа Одағының Босния-Герцеговина және Косовоға байланысты мәселелерді қамтыған тақырыптарда жауапкерлік алуы керектігін айтты.
Мұстафа Шентоп Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла және делегациясымен ТҰҰМ-де кездесті.
Шентоп албаниялық әріптесімен оңаша бас қосты, артынан делегация арасында кездесу өткізілді.
Шентоп кездесудегі сөзінде Албания мен халқының түрік ұлтының жүрегінде ерекше орны бар екенін білдіріп, екі жақтылы қарым-қатынастардың стратегиялық ортақтық өресіне көтерілгеніне риза болғанын айтты.
Шентоп Түркияның 2021 жылдың алғашқы 9 айында 600 миллион доллардан асқан және мердігерлік қызметтерін қосқанда 3.5 миллиард долларлық инвестициясымен Албаниядағы ең ірі шетелдік инвестор болғанын білдірді.
"Албанияда жұмыстанған 600-ден астам түрік компаниясы жалпы 15 мың адамды жұмыспен қамдайды. Нысанамыз сауда мөлшерін бір миллиард долларға көтеру" деді Шентоп.
Мұстафа Шентоп:
"Еуропа Одағының Албания жайлы шешім жасауының кешігуі және осы процестегі болжамсыздығы Балканда көптеген тақырыпқа нашар әсер етуде" деді.
Мұстафа Шентоп Еуропа Одағының Босния-Герцеговина және Косовоға байланысты мәселелерді қамтыған тақырыптарда жауапкерлік алуы керектігін білдірді.
Албания Парламентінің төрайымы Линдита Николла 2019 жылы Албанияда болған зілзалада Түркияның берген жәрдемдері үшін алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар

Бір әскер шейіт болды
«Пенче-килит» операциясы аймағында террористтердің оғынан 1 әскер шейіт болды.