Мәжіліс төрағасы Черногорияға барды

Парламенттер арасы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылады.

1751432
Мәжіліс төрағасы Черногорияға барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Солтүстік Македония, Сербия және Черногорияны қамтыған ресми сапарының соңғы аялдамасы Черногорияға барды.

Шентопты Подгорица әуежайында Черногория парламентінің басшысы Алекса Бечич, Түркияның Черногориядағы өкілетті елшісі Сонгүл Озан, Черногория Ислам одағы төрағасы Рифат Фейзич қарсы алды.

Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі төрағасы бүгін Черногория парламенті басшысымен кездеседі.  Осы барыста Түрік мәжілісі мен Черногория парламенті арасында Парламенттер арасы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылады.

Шентоптың Черногория президенті Мило Жуканович және премьер-министрі Здравко Кривокапичпен де кездесуі жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар