Министр Сойлу босқын мәселесіне тоқталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу босқын тақырыбында басқа елдердің тұғырын сынға тартты.

1751184
Министр Сойлу босқын мәселесіне тоқталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу босқын тақырыбында басқа елдердің тұғырын сынға тартып, "Анджелина Джоли фотосуретімен босқын мәселесін әлемде шешуге тырысуда. Бұл мәселені талай жылдан бере қайталап айтып жатырмын. Бірақ босқын мәселесі әлемде енді басталды" деді. 

Министр Сойлу Анкараның Гөлбашы ауданында жасаған мәлімдемесінде әлемнің жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті, босқын, энергия және экономикалық дағдарысқа тап болғанын, сондай-ақ бұл мәселенің жаһандық мәселе екенін білдірді. 

Осы мәселелерге әлемнің жаһандық шешім таба алмағанын түсіндірген Сойлу босқын тақырыбының 21-ші ғасырдың басынан бастап Ауғанстанда кең қанат жайғанын атап өтті. Сүлейман Сойлу Ауғанстан мәселесінің барша әлемге ықпал жасағанын және басқа елдердің бұл мәселені шеше алмағанын атап өтті. 

Сүлейман Сойлу босқын мәселесінің Түркия-Грекия, Түркия-Сирия, Түркия-Иран шекарасында шоғырланғанын, сондай-ақ бұл мәселенің шекара мәселесі ретінде қаралғанын баяндады. 

Министр Сойлу бұл мәселенің аймақтық және мемлекеттер арасы ынтымақтастығымен ғана шешуге болатынын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар