3-ші Түркия-Африка Ортақтық саммиті бастады

Президент Ердоған Стамбулда басталған 3-ші Түркия-Африка Ортақтық саммиті аясында әріптестерімен кездесулер өткізеді.

1748693
3-ші Түркия-Африка Ортақтық саммиті бастады

Президент Режеп Тайып Ердоған 3-ші Түркия-Африка Ортақтық саммитінде әріптестерімен кездесулер өткізеді.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқаормасынан жасалған мәлімдемеде Түркияның үй иесі болуымен Стамбулда өткізілетін саммит 16 желтоқсанда жоғары дәрежелі қызметкерлер жианлысымен басталды.

Саммит бүгін Сыртқы істер министрлері жиналысымен жалғасады. Саммитте қатысты министрлер өресінде денаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы тақырыптары тең уақытта отырыстар өткізеді.

Африка Одағы және Африка құрлығы елдері мен Түркия арасындағы стратегиялық ортақтық негізіндегі қарым -қатынастарды тың белеске көтерілуді қамдайтын саммиттің тақырыбы  "Бірге өркендеу және байлық үшін күшейтілген ортақтық" деп белгіленді.

Саммитте қабылданатын мәлімдеме, әрекет жоспары және ортақ атқару рапорты  2022-2026 жылдық кезеңде Африка үшін жасалатын нақтылы жобаларды қамдыған Түркия мен Африка құрлығы арасындағы барлық саладағы дамыған байланыстарға келесі саммитке дйін бағыт сілтейді.

Президент Режеп Тайып Ердоған 3-ші Түркия-Африка Ортақтық саммиті кезінде әріптестерімен екі жақтылы кездесулер өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар