Министр Чавушоғлу Дубай Әмірімен бас қосты

Чавшоғлу: «БАӘ-мен экономикалық және сауда қарым-қатынасымызды одан әрі дамытамыз».

1748041
Министр Чавушоғлу Дубай Әмірімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Мемлекет басшысының орынбасары, премьер-министр және Дубай Әмірі Шейх Мұхаммед ибн-Рашид әл-Мактум тарапынан қабылданды.

Қабылдауға Түркияның Абу-Дабидегі елшісі Тугай Тунчер мен Түркияның Дубайдағы бас консулы Мұстафа Илкер Кылыч та қатысты.

Чавушоғлу қабылдаумен байланысты Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «БАӘ-мен экономикалық және сауда-саттық қарым-қатынасымызды одан әрі дамытамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар