Өмер Челик Ларнака Ұлы мешітіне шабуылды қатаң түрде айыптады

Өмер Челик Twitter парақшасында жасаған мәлімдемесінде  Ларнака Ұлы мешітіне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

1743575
Өмер Челик Ларнака Ұлы мешітіне шабуылды қатаң түрде айыптады

Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіндегі Ларнака Ұлы мешітіне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

Өмер Челик Twitter парақшасында жасаған мәлімдемесінде  Ларнака Ұлы мешітіне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

Понти Әкімшілігінің ислам және түрік дұшпандығының дәлелі болған осы шабуылдарға қарсы жеткілікті алдын алу шаралар қолданылмағанын баяндаған Челик былай деді: «Понти Әкімшілігі өткен жылы осындай бір провокация жасалғанда ықпалды бір тергеу жүргізбеген еді. Осының нәтижесінде тағы бір опасыз оқиға болды. Понти Әкімшілігі ислам және түрік дұшпандығын ынталандырған осы шабуылдарға жауапты. Ислам дұшпандығының соңғы үлгілерінің бірі болып табылатын осы және осыған ұқсас әрекеттер тек мұсылмандарды  ғана нысанаға алып қоймай, адамзаттың ортақ құндылықтарына да қауіп төндіреді. Бұл кейбір орталардың бейбіт өмір сүруді түсінуден қаншалықты аулақ екенін көрсетеді».

 

 



Ұқсас жаңалықтар