Чавушоғлу Луиджи Ди Майомен бас қосты

Мевлүт Чавушоғлу Луиджи Ди Майомен  екі жақтылы қарым-қатынастар, Ливия және Ауғанстан тақырыптарын кеңескенін айтты.

1741030
Чавушоғлу Луиджи Ди Майомен бас қосты

НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы үшін Латвияға барған Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Италияның Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майомен кездесті.

Кездесу жайлы әлеуметтік желіден мәлімдеме жасаған Чавушоғлу:

"НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында Италияның Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майомен  екі жақтылы қарым-қатынастарымыз, Ливия және Ауғанстан сияқты аймақтық тақырыптарды талқыладық" деді.



Ұқсас жаңалықтар