Қараша айында 169 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1740835
Қараша айында 169 террорист залалсыздандырылды

Қараша айында 169 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) қараша айында жалпы 61 операция барысында 169 террористтің залалсыздандырылғанын, биылғы жылдың басынан бері залалсыздандырылған террорист санының 2 мың 529 екенін жариялады.

ҰҚМ Баспасөз және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес беру бөлімінің жоспарлау офицері майор Пынар Қара министрліктегі шейіт журналист Хасан Тахсин атындағы баспасөз ақпарат орталығында брифинг өткізді.

Қара жиналыста жасаған мәлімдемесінде «Қараша айында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 756 адам ұсталды. Олардың 51-інің террорист екені анықталды. 24 мың 118 адам шекарадан өтпей тұрып алды алынды. Грекия 2021 жылдың басынан бері әскери теңіз және әуе көліктерімен әскери емес мәртебесі бар аралдарға қарсы 2 мың 321 заңсыз әрекет жасады» деді.

Пынар Кара мәлімдемесінде сондай-ақ «Ливия мен Түркияда бүгінге дейін 6 мың 799 Ливия Қарулы Күштері қызметкері жаттықтырылды, 974 қызметкерінің оқуы жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар