Шентоп Мадридте Парламентаралық Одаққа үн қатты

ТҰҰМ төрағасы 120 мүшелі Қосылмау қозғалысы Парламенттік желісі жиналысында баяндама жасады.

1740006
Шентоп Мадридте Парламентаралық Одаққа үн қатты

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетімен бірге өсіп келе жатқан әділетсіздік, кемсітушілік және өзгерген теңгерімдерден асу үшін парламенттік дипломатия мен ынтымақтастықтың маңызды екенін атап көрсетті.

Шентоп Испанияның бас қаласы Мадридте өткен Парламентаралық Одақтың (ПАО) 143-ші Бас ассамблеясы шеңберінде 120 ел мүше болған Қосылмау қозғалысы Парламенттік жүйесінің жиналысында баяндама жасады.

Қосылмау қозғалысының халықаралық теңгерімі әділеттілікке бағыттау және бейбітшілік, теңдік, ынтымақтастық пен әл-ауқатқа толы әлемді қайта салуға үлес қосудың маңызды екенін атап көрсеткен Шентоп бұл ұйымның Әзербайжанның кезекті төрағалығы кезінде қызметі мен мойындалу процесіне үлес қосатынына сенімді екенін білдірді.

«Халықаралық аренада көп дауыстылыққа одан көп қажеттілік бар бір кезеңнен өтіп жатырмыз» деген ТҰҰМ төрағасы «Ашаршылық, кедейлік, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстар мен Иерусалимнің мәртебесі сияқты жаһандық маңызы бар мәселелерге тұрақты шешім іздеу, ашық талқылау және консенсус арқылы ғана мүмкін» деді.

Жаһандық эпидемия процесінің әділетсіздікті тағы күн тәртібіне әкелгенін білдірген Шентоп «Вакцина және медициналық материалдарды жеткізу тұрғысынан кемсітуші, бір жақты көзқарастар себепті көптеген дамыған және даму жолындағы ел негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуде қиналды» деді.

Шентоп Түркияның індетпен күресте қолдау сұраған әрбір елге көмектесуге тырысып жатқанын және соңғы сатыға жеткен түрік вакцинасын жаппай өндірісі басталған кезде оған мұқтаж барлық елдермен бөлісуге дайын екендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар